Бүгінгі кітапхана

0
2814

Кітапханалық-ақпараттық орталық (кітапхана) – академияның оқу-тәрбиелік үрдісін және ғылыми зерттеулерін құжаттармен және ақпараттармен қамтамасыз ететін жетекші бөлімдердің бірі, студенттер мен профессор-оқытушылар құрамының қызметі үшін зияткерлік ортаны қалыптастыруға мүмкіндік жасайды.
             Кітапхананың негізгі мақсаттары:
– кітапхананың пайдаланушылардың барлық категорияларына өз және әлемдік ақпараттық
қорларына қолжетімдікті ұсыну арқылы жоғары деңгейлі қызмет көрсететін ақпараттық
орталық ретінде қалыптасуы, кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсетудің репертуарын
кеңейту және сапасын көтеру;
– академияның бірыңғай кітапханалық кеңістігін ұйымдастыру мәселесін кешеңді шешу
және пайдаланушылардың барлық категорияларының ақпараттық қорларға қолжетім-
ділігіне бірдей мүмкіндік беру;
– құрамына академия оқытушыларының еңбектері, оқу және оқу-әдістемелік басылымдары, сонымен қатар кітапхана қорының өте құнды басылымдары енетін электронды  кітапхананы дамыту;
– пайдаланушыларда жергілікті және алыстағы ақпараттық қорларды пайдалану дағдысын
қалыптастыру.