Пайдалану ережесі

0
2898

КІТАПХАНАЛЫҚ-АҚПАРАТТЫҚ ОРТАЛЫҚТЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕСІ

  1. Жалпы ережелер

1.1 Осы кітапхананы пайдалану ережесі (әрі қарай – Ереже) СТ 044/006-2022 «Кітапханалық-ақпараттық орталықты басқару» стандартын қолдау және академия оқырмандарына қызмет көрсетуді ұйымдастыру мақсатында әзірленді.

1.2 Академия кітапханасын пайдалану ережесі «Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары кітапханасы туралы Типтік ереже» және «Жоғары оқу орындары кітапханасын пайдалану ережесі» үлгісінің негізінде әзірленді.

1.3 Кітапхана мен оқырмандардың құқығы мен міндеттері осы Ережеде белгіленген.

  1. Кітапхананың құқықтары мен міндеттері

2.1 Кітапхана КАО ережесі және осы Ережеге сәйкес оқырманға қызмет көрсетеді. Кітапхана пайдаланушыларының кітапхана қорын еркін пайдалану құқығын шектейтін мемлекеттік және өзге де цензураға жол берілмейді.

2.2 Кітапхана міндетті:

  • пайдаланушыларға каталогтар жүйесі және кітапханалық ақпараттандырудың басқа да нысандары арқылы кітапхана қоры туралы тегін толық ақпарат беруге;
  • пайдаланушыларға ақпарат көздерін іздестіру мен таңдауда тегін кеңес көрсетуге;
  • кітапхана пайдаланушыларының талаптарын зерттеуге және неғұрлым толық қанағаттандыруға;
  • кітапхана қорындағы басылымдарды заңнамада белгіленген тәртіппен есепке алуға, сақтауға және пайдалануға, олардың сақталуын, тиімді пайдалануын қамтамасыз етуге.

2.3 Кітапхана қызметкерлері міндетті:

  • пайдаланушыларға сыпайы және мұқият болуға, кітапхананы пайдалану ережелерін, тыныштықты, тазалықты сақтауға, кітапхана қорына және басқа мүлкіне ұқыпты қарауға;
  • құжаттарды беру және қабылдау кезінде олардың қандай да бір ақауларын анықтау үшін мұқият тексеріп шығуға және пайдаланушының алған немесе өткізген құжатында табылған ақауларды белгілеуге;
  • пайдаланушыны кітапханаға жазу кезінде оны белгіленген тәртіппен осы Ережемен таныстыруға.
  1. Пайдаланушының құқықтары мен міндеттері

3.1 Академияның білім алушыларының, штаттағы оқытушылары және қызметкерлерінің академия  кітапханасын пайдалану құқығы бар. Штаттан тыс қызметкерлер мен оқытушылардың кітапхананың тек оқу залдарын пайдалануға құқығы бар.

3.2  Кітапхана пайдаланушысы құқылы:

  • кітапхананың белгіленген жұмыс тәртібіне сәйкес кітапханаға кедергісіз келуге;
  • баспасөз туындылары мен басқа материалдарды үйге немесе оқу залында уақытша пайдалануға тегін алуға;
  • шиеленісті жағдай туындағанда кітапхана әкімшілігіне және жоғары тұрған басқару органдарына жүгінуге.
  1. Кітапхана пайдаланушысының жауапкершілігі

Кітапхана пайдаланушысының міндетті:

  • «Кітапхананы пайдалану ережесімен» танысуға және оларды сақтауға, пайдалану міндеттерімен танысу және олардың орындалуы туралы фактіні оқырман формулярында және оқырман билетінде қол қойып, растауға;
  • кітапхана қорынын алынған кітаптарға, баспасөз туындылары мен басқа материалдарға, және кітапхананың өзге деа мүліктеріне ұқыпты қарауға;
  • алынған құжаттарды беру кезінде қарауға және ақау табылған жағдайда ол жөнінде кітапхана қызметкеріне мәлімдеуге. Құжатты бүлдіргені үшін басылымды соңғы пайдаланған оқырман жауап береді;
  • басылымды жоғалтқан немесе бүлдірген жағдайда, оларды жоғалған басылымның бағасынан кем емес құны бірдей басылыммен алмастыруға немесе баспа басылымының 10 есеге дейін құнын өтеуге;
  • жыл сайын қайта тіркеуден өтуге;
  • оқырман билетін ұқыпты ұстауға және оны басқа тұлғаға бермеуге;
  • мекен-жайы мен телефон нөмірінің өзгергенін кітапханаға хабарлауға;
  • кітапханадан алған басылымдарды белгіленген мерзімде қайтаруға;
  • берілген басылымдардың парақтарын сызу, белгі салу, жырту және бүгу сияқты ңұқсан келтірмеуге;
  • кітапханаға келгенде гардеробқа сырт киім, сөмкелер, пакеттер және т. б.өткізуге.
  1. Кітапхана абонементiн пайдалану ережесi

5.1 Білім алушылар қажетті әдебиеттерді семестр басында алады және оны әр семестрдің соңында тапсырады, басқа басылымдар пайдаланушыларға кемінде 3 данасы кітапхана белгілеген мерзімге беріледі.

5.2  Жоғары сұранысты басылымдардың санын кітапханашы шектеуі мүмкін.

5.3  Пайдаланушы әрбір алынған дана үшін кітап формулярында қол қоюға міндетті.

5.4  Басылымдарды пайдалану мерзімін ұзарту, егер оған басқа оқырмандардың сұранысы болмаса, 2-ден артық емес рет рұқсат етіледі.

5.5   Басылымдарды уақтылы қайтармаған және пайдалану мерзімін ұзартпаған жағдайда, оқырман  абонемент және оқу залын пайдалану құқығынан 10 күнге айрылады.

  1. Кітапхананың оқу залдарын пайдалану ережесi

6.1  Оқу залына жазу кезінде пайдаланушыға оқырман билеті беріледі, ол оқу залын тұрақты пайдалану үшін негіз болып табылады.

6.2  Оқырман билетін алу үшін студенттік билет және сурет ұсыну қажет. Қызметкерлер мен оқытушылар оқу залына академия әкімшілігі ұсынған тізімнің негізінде  жазылады.

6.3  Оқу залында сирек, бағалы және жалғыз даналы басылымдар, газеттер мен журналдар бар. Сөздіктер, энциклопедиялар, анықтамалар үйге берілмейді.

6.4  Оқу залынан басылымдарды шығаруға,  оқу залына сырт киіммен кіруге үзілді-кесілді тыйым салынады.

  1. Кітапхананың электрондық каталогын және ресурстарын пайдалану ережесі

7.1.  Кітапхананың  электрондық  каталогына  қолжетімділік  тәулік  бойы https://lib.ukma.kz сілтемесі арқылы кез келген уақытта жүзеге асырылады, сондай-ақ  электрондық  каталогқа академияның https://skma.edu.kz/ сайты арқылы кіруге болады.

7.2.  Кітапхананың  оқу  залдарында  және  академияның  ғимараттарында академияның IP-мекенжайы арқылы  лицензиялық  электрондық  ресурстарды (бұдан әрі -«дерекқорлар») және уақытша қолжетімді ресурстарды қолдануға ғана болады.

7.3. Электронды ресурстардың тізімі https://lib.ukma.kz Кітапхананың сайтында «Электронды  ресурстар»  бөлімінде  қолдануға  болады.  Дерекқорға активті  URL сілтемелері арқылы кіруге болады.

7.4.  Дерекқорлармен жұмыс  істеу,  сондай-ақ  оларды  академиядан  тыс пайдалану  үшін  пайдаланушылар  әр  дерекқорға  академияның  IP-мекенжайы арқылы тіркеліп, жеке логин мен пароль алуы керек.

7.5.  Дерекқорлармен  жұмыс  істеу  бойынша  кеңесті медиатеканың кітапханашысы немесе жергілікті желі маманы жүзеге асырады.

7.6. Электрондық ресурстармен қолдануда тыйым салынады:

-бағдарламалық жүйені өзгертуге;

-интернет жүйесінен кез-келген ақылы құжаттарды жазып алуға және ақылы қызмет түрлеріне тапсырыс беруге;

-қашықтықтағы қолжетімді  электронды  ресурстарды  пайдалануда, ресурстардың иелерімен лицензиялық келісімнің шектеулігін сақтауға міндетті;

-жүктелген  құжаттардан  оның  авторлығының  нұсқауынсыз  дәйексөз  алуға және пайдалануға;

-лицензиялық ақпараттарды коммерциялық мақсаттарда (үшінші тұлғаларға сатуға) қолдануға.

 Кітапхананы пайдалану ережесін бұзғаны үшін жауапкершілік

8.1  Осы кітапхананы пайдалану ережесін бұзғаны үшін пайдаланушы қолданыстағы заңнамаға сәйкес тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

8.2  Осы ережені бұзған пайдаланушылар, 1 ай мерзімнен  толық кітапхананы пайдалану құқығынан айрылуы мүмкін

8.3  Осы ережені бұзған кітапхана қызметкерлері қолданыстағы заңнамаға сәйкес тәртіптік жауапкершілікке тартылады.