Баршаңызды мемлекеттің іргетасын қалаған 1 – желтоқcан Тұңғыш Президент күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев – қазақ халқының ынтымақтастығын жарастырып, бүкіләлемдік тыныштыққа, дүниежүзіндегі халықтар мен мемлекеттер арасындағы келісімге, әлемдік мәдениетті, бейбітшілікті арттыруға сүбелі үлес қосып, жаңа мемлекеттің келбетін қалыптастырды, елдің болашағын айқындап, экономиканың өрлеуіне ерекше серпіліс берді. Егеменді еліміздің айтулы мерекесін атап өту мемлекет тағдырына тіреу болған Ұлт көшбасшысына деген зор құрмет деп білеміз. Елбасының саяси саясатының арқасында, болашағымыз бекем, мемлекетіміз берік болсын дей келе, осы атаулы мерекеде сіздерге жүрек жарды тілегімізді жолдай отырып, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге толағай табыс, ынтымықтастығымыз бен сыйластығымыз ажырамай, киелі қара шаңырағымыздың абыройын асқақтатып, тек биіктерден көріне беріңіздер. Ел тізгінін ұстаған Елбасымен еліміздің болашағы баянды, көк байрағымыз тек көгімізде желбірей берсін.