Елдің болашағы – білімді жастар

0
2095
.

2019 жыл 22 сәуір күні ОҚМА Кітапханалық –ақпараттық орталығы «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер», «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедраларымен бірлесе отырып,«Елдің болашағы – білімді жастар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

    Мақсаты: Жастардың бойында еліміздегі саясатқа көзқарастарын қалыптастыру, Елбасының жолдауын түсіндіру және насихаттау, жастарды белсенділікке тәрбиелеу, ұлттық салт-дәстүрлерді құрметтеуге баулу болып табылады.

    Дөңгелек үстелге «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы Ж.О.Нұржанбаева, «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедра меңгерушісі, т.ғ.к., доцент Ш.А.Аширов, ә.ғ.к., доцент М.А.Ертаев, п.ғ.к., доцент Л.С.Майлыбаева, аға оқытушы Б.Д.Утегенов, әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасы бөлімінің басшысы Е.Қ.Сәлім, жастар саясаты бөлімінің меңгерушісі Н.Р.Ахметов, оқытушылар және белсенді студенттер қатысты.

Шара барысында талқыланған тақырыптар:

  • Жастар тәрбиесі
  • Латын әліпбиіне өтудің өзектілігі және оған жастардың көзқарасы
  • Жастардың бойындағы рухани және мәдени құндылықтар туралы
  • Жастар саясаты   

     Жиын барысында «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедра меңгерушісі,  Нұржанбаева Жанат Оралбайқызы жастарға Қазақстанның даму саясаты туралы және жолдаудың негізгі бағыттарын толық әңгімелеп берді.

  «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедраның  доценті Майлыбаева Ләззат  жастарға қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат–міндеттердің ең бастысы-өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы, ұрпақ тәрбиелеу деп түсіндірді. Тәрбие үрдісінде ғана адам рухани жетіледі. Жас өспірімдерді жан – жақты қабілетті, әдепті азамат етіп өсіруде халықтық салт- дәстүрлердің, тыйым сөздердің тәлім – тәрбиелік, білім – танымдық рөлі орасан зор екенін нақтылып айтты. Ұлттық тәрбие салт -дәстүр, әдет-ғұрыптарды сақтап, мейірімді парасатты болуға, адамгершілікке, имандылыққа баулиды. Қазақ халқы-рухани зор байлықтың мұрагері. Ежелгі ата- бабаларымыздың салт-дәстүрлері, даналық сөздері және әдеп ережелері сан ғасыр бойы өз ұрпағын өнегелі де өнерлі, ар-ожданы жоғары, намысқой азамат етіп тәрбиелеп келгені тарихи шындық екенін баяндап берді. «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасынан доцент  Ертаев М.А, «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасынанаға оқытушы Утегенов Б.Д, ЖМ-105А-18 тобының студенттері Кумаров М,  КахрамановаМ.А. баяндамалар жасады. 

   Латын тіліне көшу мәселесі туралы көптеген студенттердің ой-пікірлерін әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасы бөлімінің басшысы Сәлім Ербол Қалтұрсынұлы толықтырып берді. 

   Жастар саясаты бөлімінің меңгерушісі  Ахметов Нұрлан Рашитұлы жастарға «Білім мен тәрбие» бірге жүретінін айтып өз пікірін білдіріп, алдағы уақытта барлық іс-шараларға белсенді  қатысуға шақырды.

  Сондай-ақ, дөңгелек үстелде жастардың тәрбиесі мәселелері де талқыланды.

Жиынға қатысқан  белсенді студент жастары өздерінің көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, қанағаттанарлық жауаптар алып, өз ұсыныстары мен пікірлерін білдірді.

   Кітапханалық–ақпараттық орталығыныңбасшысы Дарбичева Раушан Искаковна қатысушыларға өз алғысын білдіріп, жастарға жетістіктер тіледі.

Шара соңында қатысушылар «Тарихы тұғырлы, болашағы нұрлы Қазақстан» атты кітап көрмесімен танысты.