ОҚМА Кітапханалық-ақпараттық орталығы шетелдік және отандық ақпараттық ресурстарды тиімді пайдалану мақсатында 2019 жылдың 11–14 наурыз аралығында электрондық деректер базаларының тұсаукесерін өткізуде:
– Web of Science
– Science Direct
– Scopus
– «Параграф» ақпараттықжүйесі, «Медицина» бөлімі
– Медициналық ЖОО-ның «Студент кеңесшісі» электрондық кітапханалық жүйесі;
– Республикалық ЖОО аралық электрондық кітапхана
– ОҚМА электрондық кітапханасы
Сонымен қатар тындаушылар назарына Ашық университеттің (Open U) білім беру платформасы ұсынылады. Платформада жетекші қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындары оқытушыларының ақысыз онлайн-курстары және «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында әзірленген бейне-лекциялар ұсынылған.
