«Елімнің астанасы- Астана»

0
2076

6 – шілде Астана күніне орай ОҚМФА  кітапханалық – ақпараттық орталығының № 1 оқу залында «Елімнің астанасы – Астана» атты көрме ұйымдастырылды. Көрме еліміздің бас қаласының тарихы, қазіргі келбеті, жетістіктері, даму бағыттары, ескертікіштері мен сәулет ғимараттары туралы мәлімет беретін газет-журналдар мен кітаптар жиынтығынан құралады. Сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан обылысының ақын-жазушыларының Астанаға арналған поэтикалық шығармалары мен мақалалары қойылды. Айта кетейік, биыл елордамыздың қаланғанына 18 жыл. Ендеше, еңсесін тіктеген жас қаламыз, шуақты еліміз, қуатты тәуелсіздігіміз тұрақты болғай!